×

Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубынан кетуі мүмкін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, түркиялық «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Түркиядан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 11:06
Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубынан кетуі мүмкін
Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

Биыл клуб бірнеше трансфер жасап, ойыншылар құрамын кеңейтті. Зайнутдиновке «Бешикташтан» орын табу өте қиын. Негізі, ол пайдалы ойыншы. Дегенмен түріктер атақты ойыншыларды, яғни клубтың атын шығарып жүрген легионерлерге мән береді. Биылғы маусымның ортасында немесе соңында кететін секілд, - дейді түрік инсайдері. 

Еске салсақ, Зайнутдинов түркиялық клубқа 2023 жылдың тамыз айында ресейлік ЦСКА-дан ауысып барған. 

Новости партнеров