Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Азия чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті.
ҰОК мәліметінше, біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнаған.
Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.
Еске сала кетейік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.