×

Алматы әкімдігі Қазақстан – Словения матчы қарсаңында мәлімдеме жасады

Алматы әкіміді 13 қазан күні 18:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан – Словения матчына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 19:28
Алматы әкімдігі Қазақстан – Словения матчы қарсаңында мәлімдеме жасады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

БИЛЕТТЕР

• Билетті Ticketon арқылы алыңыз, стадионның кассасы жұмыс істемейді.
• Стадионға 16:00-ден бастап кіруге болады.
• Билетті делдалдан сатып алмаңыз.

СТАДИОНҒА КІРУ

•Билетке адамның аты-жөні жазылады
• Билетте жазылған адам жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі) көрсеткен соң кіргізіледі

ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨЛІК

• Жолаушылар үшін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 маршруттары күшейтіледі.
• Сондай-ақ, тегін жедел маршруттар ұйымдастырылады:

• «Шұғыла-City ТҮК аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Halyk Arena аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Алатау театры аялдамасы – Орталық стадион»;
• «Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион».

Автобустар сағат 16:00-де жүріп, 20:30-да кері қайтады. Орталық стадионнан шығатын автобустар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы Байтұрсынов көшесінің бойындағы тұрақта тұрады.

Новости партнеров