×

2025 жылы күрес түрлері бойынша әлем чемпионаттары қайда өтеді

Біріккен күрес әлемі (UFW) 2025 жылы күрес түрлері бойынша әлем чемпионаттарының күндері мен орындарын атады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 20:35
2025 жылы күрес түрлері бойынша әлем чемпионаттары қайда өтеді
ашық дереккөзден

UWW хабарлауынша, ересектер арасындағы әлем біріншілігі Загребте (Хорватия) өтеді. Әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек аралығында жоспарланған.

U17 әлем чемпионаты Афиныда (Греция) 28 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді. Софияда (Болгария) U20 әлем кубогы ұйымдастырылады (18-24 тамыз).

Жастар арасындағы әлем біріншілігін Нови-Сад (Сербия) қабылдайды. Өткізу күні 20-26 қазан аралығында болады.

Анықтама 

Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling, UWW) — еркін, грек-рим және әйелдер күресін қоса алғанда, күрестің барлық түрлерін басқаратын халықаралық ұйым. Ол бүкіл әлем бойынша күресті дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ әлем чемпионаттарын, континентальды біріншіліктерді және Олимпиада ойындарын қоса алғанда, халықаралық жарыстарды өткізуге жауапты.

Новости партнеров