Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында сырт алаңда Аустрия құрамасына қарсы ойнап, ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустриямен өткізіп, ойсырай ұтылды. Линц қаласындағы "Райффайзен Арена" стадионында өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 4 гол соғылды. Бірінші таймда Кристоф Баумгартнер мергендік танытса, екінші таймда тағы үш гол кірді. Ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан әлі жеңіске жеткен жоқ.
Бұған дейін Словениядан ойсырай жеңілген жерлестеріміз осы жолы Аустрияға да қайсарлық көрсете алмады.
Айта кетейік, енді біздің ұлттық құрама 13 қазанда Алматыда Словенияны қабылдайды. Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орында.