×

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үздік бестікке енді

Бұрын футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 8 орында болса, жаңарған рейтингте үш сатыға жоғарылады. Бұл соңғы әлем чемпионатындағы сенсациямен байланысты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 20:00
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үздік бестікке енді
Ашық дереккөзден

Рейтингтің көшбасшысы ұзақ уақыт бойы бірінші орынды иеленген Бразилия құрамасы болып қала берді. 

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйектен 6 қазанға дейін Өзбекстанда өткен футзалдан әлем чемпионатында бас бапкер Кака шәкірттері топтық кезеңді екі жеңіс және бір тең есеппен аяқтаған. Ал финалдың 1/8 бөлігінде Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп сенсация жасаған.

Алайда, ширек финал кезеңінде қазақстандық спортшылар аргентиналықтардан  1:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған еді. Чемпионатта Бразилия құрамасы жеңіске жетті.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр