×

«Қайрат» футзалдан Қазақстан суперкубогын иеленді

Алматылық «Қайрат» футзалдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

12.10.2024, 17:42
«Қайрат» футзалдан Қазақстан суперкубогын иеленді
Фото: Instagram.com/afckairat

Суперкубокта алматылық «Қайрат» Абай облысының «Семей» клубын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Алматылық клуб сапынан Алиссон Невес 2 гол соқса, Кайо Руиз 1 мәрте көзге түсті. Оған «Семей» сапынан Кайо Торрес бір голмен жауап қайырды.

Енді «Семей» және «Қайрат» клубтарының футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңнің төртінші тобындағы ойындарға қатысады.

Онда қазақстандық командалар «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) клубтарымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, әрбір топтан үш үздік команда жарыстың элиталық кезеңіне шығады.

Сондай-ақ, алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді. Ал, семейлік клуб еурокубок ойындарында алғаш рет сынға түседі.

Новости партнеров