×

Ресми: Шавкат Рахмонов биыл чемпиондық титулға таласады

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (18-0) 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында көптен күткен кездесуін өткізеді. Бұған қатысты UFC ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

12.10.2024, 23:16
Ресми: Шавкат Рахмонов биыл чемпиондық титулға таласады
Фото: sports.kz

Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы америкалы Белал Мухаммад (24-3).

Бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен).

Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанған болатын.

Шавкат Рахмонов та Белалмен жекпе-жек оның мансабындағы ең қиын жекпе-жек болуы мүмкін екенін бұған дейін айтқан болатын. Бірақ ол бұл кездесуді жеңетініне сенімді екенін мәлімдеді.

Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта жеңген болатын.

Новости партнеров