×

«Астана» баскетбол клубына биыл бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген

БАҚ беттерінде ВТБ Біріккен лигасында өнер көрсететін 11 ресейлік клубтың бюджеті мен шығындары туралы ақпарат жарияланды. Жалпы қаржы 50,4 миллиард теңгені құраған (102,86 миллион доллар), деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 13:09
«Астана» баскетбол клубына биыл бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген
Фото: pbcastana.kz

1bol.kz сайтының жазуынша, ұсынылған бұл тізімде елорданың «Астана» клубы жоқ болып шықты. Қазақстандық ұжым – аталған лигада бақ сынайтын 12-команда. Осы орайда «Дядя Ваня» телеграм-каналы елордалық клубтың бас директоры Самсон Аракеляннан «Астана» баскетбол клубының биылғы кірістері мен шығындары туралы сұраған. 

«Астана» БК құрамына бес команда кіреді. Негізгі команда Қазақстан ұлттық лигасында да, ВТБ Біріккен лигасында да өнер көрсетеді. Бейресми тізімде 24 ойыншы болса, соның 8-і – легионер. Қалған ұжымдар өз жас ерекшеліктері бойынша отандық жарыстарға қатысады. Барлық бес команданың бюджеті - 2,145 миллиард теңге (4,37 миллион доллар). 2024 жылы негізгі команданың қаражаты 1,4 миллиард теңгені құрады (2,86 миллион доллар), – деп түсіндірді Аракелян.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Астана» БК ВТБ лигасында 6 матч өткізіп, барлығында жеңілді және турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.

Новости партнеров