×

Жәнібек Әлімханұлы Шавкат Рахмоновқа қолдау көрсетті

Орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жартылай салмақ өкілі қазақстандық Шавкат Рахмоновқа UFC-дегі титулды жекпе-жегі алдында қолдау көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 12:25
Жәнібек Әлімханұлы Шавкат Рахмоновқа қолдау көрсетті
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Шавкат 7 желтоқсанда Лас-Вегас қаласында белбеудің қазіргі иесі Белал Мухаммадпен айқас өткізеді.

«бауырымызға тек қана сәттілік тілейміз. Чемпиондық титулды алып, ел абыройын асқақтата берсін, — деп жазылған Жәнібектің командасының Іnstagram-дағы парақшасында.

Жақында ғана Жәнібек Әлімханұлының өзі де жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қорғады.

Новости партнеров