×

Төртінші Олимпиада: қазақстандық спортшы жетістігінің сырын бөлісті

Қазақстан академиялық есу командасының өкілі Владислав Яковлев табыс кілті іске деген адалдық пен сүйіспеншілікте жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

19.07.2024, 11:43
Фото: ҰОК

Қазақстандық Владислав Яковлев Олимпиада ойындарына төртінші рет қатысады, деп хабарлады ҰОК.

“Төртінші Олимпиадам. Ал сезімдерім сол баяғыдай, өйткені, бұл төртжылдықтың ең басты додасы. Олимпиадаға қатысу маған үлкен қуаныш сыйлайды. Соңғы ойын пандемия аясында өткен болатын. Биылғы дода – үлкен спорт мерекесіне айналғалы отыр”, – деді ол.

ЖЕТІСТІК КІЛТІ

"Ең басты табыс – бұл өз ісіңе деген сүйіспеншілігің. Ешкім қол жеткізбеген нәрсені бағындырсам деген ой жүреді үнемі”, – деді спортшы. 

Сондай-ақ ол Олимпиадада әлсіз қарсыластар жоқ екенін айтты.

“Барынша  жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Барлығы жеребеге байланысты", - деп нақтылады ол.

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Парижде XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. 200 елден 10 000-нан астам спортшының қатысуы жоспарлануда. Барлығы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Новости партнеров