×

Бейбіт Жұқаев ATP 250 Almaty Open турнирінің екінші айналымында кіммен кездесетіні белгілі болды

ATP 250 Almaty Open турнирінің екінші айналымында Бейбіт Жұқаев Тимофей Скатов – Томаш Махач кездесуінің жеңімпазымен ойнайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

15.10.2024, 19:50
Бейбіт Жұқаев ATP 250 Almaty Open турнирінің екінші айналымында кіммен кездесетіні белгілі болды
Ашық дереккөзден

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Бейбіт Жұқаев ATP 250 Almaty Open турнирінің екінші айналымына сенімді түрде өтті. Турнирдің алғашқы кезеңінде ATP рейтингінде 213-орында тұрған Жұқаев ливандық Бенджамин Хассанмен (ATP 245) кездесіп, қазақстандық спортшы 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші айналымда Жұқаев Қазақстандық Тимофей Скатов пен Чехиялық Томаш Махач арасындағы кездесу жеңімпазымен кездеседі.

Новости партнеров