Швеция прокуратурасы әлемге әйгілі француз футболшысы Килиан Мбаппеге қатысты зорлау ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бірақ тергеу барысында күдіктінің аты-жөні ресми түрде аталған жоқ.
Expressen швед басылымының мәліметінше, оқиға Стокгольмдегі Bank қонақ үйінде болған. 12 қазанда TV4 телеарнасы шағымданған әйелдің зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге маманданған ауруханаға медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады.
Мбаппе бұл айыптауларды жоққа шығарып, олардың шығу себебін «Пари Сен-Жермен» клубына қарсы басталған сот процестерімен байланыстырды.
Сондай-ақ мадридтік «Реал» шабуылшысы Париж клубының өзіне 55 миллион доллар қарыз екенін, ал әлгі жалған айыптау осы сот процестерінің негізі болуы да мүмкін екенін алға тартты.