«Барыс» хоккей клубы үш шетелдік ойыншымен келісім-шартты бұзғаны үшін бір клубтың бюджетіне тең өтемақы төлеген, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Metaratings.ru мәліметтері бойынша, астаналық клуб шамамен 265 миллион теңге жұмсаған. Атап айтқанда, шабуылшы Майкл Маклауд 92,5 миллион теңге, қорғаушы Уил Бутчер 107 миллион теңге, ал Натан Болье 65 миллион теңге өтемақы алған.
Айта кету керек, қазіргі маусымда ҚХЛ-да «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы, 12-орында тұр, 16 матчтан кейін бар болғаны жеті ұпай жинаған.