×

ESPN XXI ғасырдың ең үздік спортшыларын анықтады

Американың әйгілі спорт каналы ESPN XXI ғасырдың ең үздік спортшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды ulyssport.kz.

19.07.2024, 17:13
ESPN XXI ғасырдың ең үздік спортшыларын анықтады
ESPN

Тізімге әр түрлі спорт өкілдерінен 100 спортшы енді. 23 дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Фелпс көш бастап тұр. Ал екінші орынды 23 дүркін Үлкен дулыға турнирлерінің жеңімпазы Серена Уильямс алса, алғашқы үштікке Аргентина құрамасының мүшесі, әлем чемпионы Лионель Месси кірді.

Сонымен осы ғасырдың үздіктері (Топ 20):

1. Майкл Фелпс (жүзу)

2. Серена Уильямс (теннис)

3. Лионель Месси (футбол)

4. Леброн Джеймс (баскетбол)

5. Том Брэди (американдық футбол)

6. Роджер Федерер (теннис)

7. Симона Байлз (гимнастика)

8. Тайгер Вудс (гольф)

9. Усэйн Болт (жеңіл атлетика)

10. Кобе Брайант (баскетбол)

11. Новак Джокович (теннис)

12. Рафаэль Надаль (теннис)

13. Криштиану Роналду (футбол)

14. Стефен Карри (баскетбол)

15. Кэтлин Ледеки (жүзу)

16. Тим Данкан (баскетбол)

17. Шакил О'Нил (баскетбол)

18. Патрик Махоумс (американдық футбол)

19. Льюис Хэмилтон (автожарыс)

20. Аарон Дональд (американдық футбол).

ESPN жариялаған 100 спортшының 56-сы АҚШ, 4-уі Канада, 4-уі Доминикан Республикасының азаматтары. Тізімге Еуропадан ең көп Испания елінің спортшылары (5), ал Азиядан Жапония (3) енген.

Новости партнеров