×

Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші рет жеңіске жетті

Жеңіл салмақта (57 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 08:47
Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші рет жеңіске жетті
Фото: UFC Instagram

Сенбі күні Лас-Вегастағы UFC турнирінде қазақстандық спортшы бразилиялық Матеусу Николаудан басым түсті. Нәтижесінде жеңіл салмақта 14-ші орында тұрған Асу жетінші орында тұрған Николауды 29-28, 29-28, 29-28 есебімен жеңді.

Асу соңғы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп жеңіске жетті. 

Бұл Алмабаевтың мансабындағы 21-ші жеңісі және оның UFC рекорды қазір 4-0. Ол өзінің жеңісті сериясын қатарынан 17 жекпе-жекке дейін ұзартты. Ал Николау болса, ол үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған. 

Новости партнеров