×

Жаттықтырушы Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жекке дайындығы туралы айтты

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен DAR Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров маңызды жекпе-жекке дайындық кезеңі туралы айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 08:33
Жаттықтырушы Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жекке дайындығы туралы айтты
Фото: sport-pulse.kz

Бұл туралы Sport Plus Qazaqstan сайты жазды.

«Шавкаттың бабы жақсы. Ол шеберлігін шыңдауда, біз күніне екі рет жаттығамыз. Төрт жыл бойы біз бірге жұмыс істеп келеміз. Мен оның күресіне, дене даярлығына және қалпына келуіне жауаптымын. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Бізге айтылған барлық сөздер — біз мұның бәрін бұған дейін естідік. Бізді қорқытты, олар бізді тапап өтетінін естідік, бізді жейтінін айтты, бірақ соңында олардың бәрі ұтылып жатты.

Ең бастысы, ешқандай жарақат, суық тию жоқ, біз мұнда өз жұмысымызды жасаймыз. Содан кейін Шавкат Майамиге, Kill Cliff залына, аңыз адам және өз ісінің шеберіне Генри Хуфтқа барады. Сондай-ақ, Шавкаттың қасында 25 жыл бойы достығымыз бар бапкер Саид Сапаров болады. Олар өз қызметін жақсы атқарады. Біз мұнда жұмыс істейміз, олар сол жерде дайындық жүргізеді. Біз шығамыз, ең жақсы формада боламыз. Бізде өте үлкен мақсаттар бар және біздің тарапымызға айтылған сөздерге назар аудармаймыз, олар бізді алаңдатпайды. Мақсатымыз анық, сол себепті кедергі көрмейміз, түсінесіз бе?», — деді Базров Қарағандыда өткен NAIZA кешінде.

Шавкат Рахмонов (18-0) пен Белал Мұхаммад (24-3) арасындағы жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 2024 жылдың 7-нен 8 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста өтеді.

Новости партнеров