×

Әлем чемпионы. Қазақ балуандары түгел ұтылды

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан балуандары түгел жеңілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 14:55
Әлем чемпионы. Қазақ балуандары түгел ұтылды
дереккөз

1bol.kz сайтының дерегінше, 55 келіде сынға түскен Ербол Камалиев 1/8 финалда Максим Ступакевичті (Беларусь) 4:3 есебімен ұтқанымен, ширек финалда үндістандық Вишважиту Мореден 0:9 есебімен есе жіберді.

63 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Базарбаев 1/8 финалда армениялық Арман Варданяннан 10:0 есебімен ұтылды.

77 келіге дейінгі салмақта Темірлан Қаратай алғашқы белдесуінде ресейлік Исмаил Барахоевтан 6:7 нәтижесімен жеңілді. 

87 келіге дейінгі салмақта Бағлан Қуаныш нидерландтық Марсель Стеркенбургке 5:3 есебімен ұтылып, 1/8 финалға шыға алмады.

130 келіге дейінгі салмақта Асылбек Әбдіхалық алғашқы жекпе-жегінде мысырлық балуан Фекра Эйсаны жеңгенімен, 1/8 финалда грек Николаос Нтуниас отандасымызды мерзімінен бұрын ұтты.

Десе де, балуандарымызда әлі де қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік бар.

Новости партнеров