Бокстан ерлер құрамасы жеті салсақ дәрежесінде де Париж Олимпиадасына қатысатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Соңғысы болып Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2024 жылғы Олимпиадаға 63.5 келі салмақта лицензия жеңіп алды.
Енді Париждегі бокстан ерлер арасындағы Олимпиадалық турнирде Қазақстан барлық жеті салмақ дәрежесінде бақ сынайтын болады.
Еске сала кетейік, бүгін олимпиадаға қазақстандық боксшы Валентина Халзова мен Назым Қызайбай лицензия алды. Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындар ерекше рәсіммен ашылады: ол Сена өзенінен басталып, бүкіл Парижден өтеді.