×

Париждегі Олимпиада ауылы: қазақстандық спортшылардың көзімен

Бүгін садақ атудан Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ауылына келіп орналасты, деп хабарлайды ulyssport.kz  

20.07.2024, 15:43
Париждегі Олимпиада ауылы: қазақстандық спортшылардың көзімен
ҰОК

Олимпиада қалашығының жалпы ауданы 52 гектарды құрап, Париждің солтүстік шетінде орналасқан. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сенсек, инфрақұрылым Олимпиадаға қатысушы спортшылардың барлық қажеттіліктерін қамтиды: 40 тұрғын үй, оқу корпустары, емхана, асхана және жайлы өмір сүруге қажетті басқа да нысандар.

Құрама мүшесі Ильфат Абдуллин Олимпиада ауылынан шағын репортаж жасап, алдағы екі аптада әлем спортшылары қандай ортада өмір сүретінін көрсетті:

Бүгін таңертең ерте келіп, орналастық. Таңғы ас ішіп те үлгердік (күлді). Жағдай тамаша, атмосфера, әдеттегідей, олимпиадалық. Барлығы әдемі және жайлы. Мен асхана туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Мәзірмен толық танысып үлгермедік, бірақ менің ойымша, оған қажеттінің бәрі бар және әркім өзі үшін қажетті тағамын табады. Оған қоса, ауыл ішінде азық-түлік орындары, кофеханалар және т.б. бар

ҰОК
                                                                                                   

Ильфаттың айтуынша, спортшылар тұратын бөлмелер де жағымды әсер қалдырған:

Бөлмеде кондиционерден басқа барлық нәрсе бар.

                                                                                                                                                         

Айта кетейік, Олимпиада қалашығында барлығы 14,5 мыңға жуық адам тұрады. Оның 9 мыңы спортшылар. Қазақстан құрамасының намысын 25 спорт түрінен 80 спортшы қорғайды.

Новости партнеров