Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ол мұндай ойы барын бұған дейін де бірнеше рет айтқан болатын. Тіпті «Кеналоны» бір раундта үш рет нокдаунға түсіретінін» айтқаны бар.
Ал бүгін өзінің Х әлеуметтік желісінде «Кеналоға» қарата тағы да жазба жариялады.
Менің Канеломен жекпе-жекке шыққым келетінін бәрі біледі, бірақ ол менімен жекпе-жекке шықпайды және мұны бәрі біледі, – деді Жәнібек Әлімханұлы.
Жанкүйерлер Әлімханұлына екінші орта салмақтағы WBO, WBC және WBA титулдарының иегері Альвареспен кездесу үшін басқа салмақ дәрежесіне ауыстыруды ұсынды.
Естеріңізде болса, "Канело" бұған дейін Қазақстанның тағы бір боксшысы Геннадий Головкинмен кездесіп, тартысқа толы үш жекпе-жек өткізген. GGG-«Кенало» трилогиясы Альварестің екі жеңісімен және тең нәтижемен аяқталған еді. Бұл трилогия бокс әлеміндегі ең көп талқыланған ойындардың біріне айналды.