Бүгін Алматыда өткен футзалдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы матчта алматылық «Қайрат» португалиялық «Спортинг» клубын қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Кездесуде ә дегеннен-ақ португалиялықтар голды бірінен соң бірін соғып, есепті 0:2-ге жеткізіп, алматылық команданы тығырыққа тіреп тастаған.
Алайда сағы сынбаған қазақстандық команда жігіттері барын салып, ойынның соңын 3:2 есебімен түйіндеді.
«Қайрат» сапынан Кевин Арриета, Алиссон және Деннис бос қақпаға доп дарытып, шеберліктерімен көзге түсті.
Осылайша, «Қайрат» 9 ұпай жинап, 4-топтың көшін бастаса, «Спортинг» 6 ұпаймен екінші орында қалды.
Бұл екі командадан бөлек, турнирдің элиталық кезеңіне Қазақстан чемпионы «Семей» де жолдама алғанын жазғанбыз.