×

ӘЧ: Қазақстанның бокстан төрт дүркін чемпионы келесі айналымға жекпе-жексіз өтті

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан бүгінде Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының келесі турына жекпе-жексіз өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 23:37
ӘЧ: Қазақстанның бокстан төрт дүркін чемпионы келесі айналымға жекпе-жексіз өтті
Ашық дереккөзден

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финалында Төрехан жергілікті спортшы Милош Рогановичке қарсы жұдырықтасуы керек болған. Алайда Роганович рингке шықпағандықтан, оған техникалық жеңіліс берілді.

Айта кетсек, Төрехан Сабырхан – бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы тарихтағы тұңғыш төрт дүркін Азия чемпионы. Оның үлкен ағасы Махмұд Сабырхан Қазақстан құрамасының боксшысы, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Сондай-ақ бүгін таңертең осы әлемдік біріншілікте Қазақстанның тағы бір өкілі Бексұлтан Боранбек қарсыласының салмақ өлшеу рәсімінен өтпей қалуы салдарынан дәл осындай жеңіске жетті.

Новости партнеров