Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ол 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңіске жетті.
Оның қарсыласы ресейлік Шамиль Гаджалиев болды. Кездесуде Ризабек 7:4 есебімен жеңіске жетті.
Финал 27 қазан күні өтеді. Біздің балуанға ирандық Махди Морафа қарсылас болмақ.
Сонымен қатар финалдық блокта Алан Оралбек (57 келіге дейін) өнер көрсетеді. Ол қола жүлдеге таласады.
Еске сала кетсек, Ризабек Айтмұхан осы әлем чемпионатының ширек финалына қиналмай шыққан болатын.