×

«Астана» – «Ақтөбе» матчы алдында қайғылы жағдай болды

Бүгін «Астана» футбол клубының жанкүйерлер қауымында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

27.10.2024, 17:32
«Астана» – «Ақтөбе» матчы алдында қайғылы жағдай болды
"Астана" ФК

Клубтың бір топ жанкүйері «Астана» – «Ақтөбе» матчы өтетін Алматы қаласына барар жолда жол-көлік оқиғасына тап болып, бір адам қаза тапты. Жайсыз хабарды клуб басшылығы команданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

“Қайғырып көңіл айтамыз… Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, ал үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр”, делінген клуб хабарламасында.

Сондай-ақ «Астана» футбол клубы марқұмның туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Ал ауруханаға түскен жанкүйерлеріне тез арада сауығып кетуіне тілек білдірді.

Новости партнеров