×

Қазақстандық боксшы Еуропаның вице-чемпионын алғашқы раудта нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова Черногория астанасы Будва қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жарыс жолын сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

27.10.2024, 20:46
Қазақстандық боксшы Еуропаның вице-чемпионын алғашқы раудта нокаутпен жеңді
Olympic.kz.

50 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуде ол Түркиядан келген қарсыласы Эмине Кылынчпен кездесіп, бірінші раундта-ақ жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.

Тұрғанова жекпе-жек басталғанан-ақ өзінің басымдығын танытып, қысқа уақыттың ішінде Кылынчты екі рет нокдаунға түсірді.

Қазақстандық спортшының кезекті жойқын соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды және бірінші раундта-ақ отандасымыздың жеңісін тіркеді.

Өткен жылы Тұрғанова Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, әлемдік аренадағы мықтылығын дәлелдеген. Ал оның қарсыласы Эмине Кылынч бұған дейін жастар арасындағы Еуропа чемпионатында күміс алған болатын.

Новости партнеров