Бүгін Қазақстан волейбол федерациясында есеп беру-сайлау жиыны өтіп, басшысы ауысты. Енді бұл қызметтің тізгінін Қаржы министрі Мәди Такиев қолына алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Федерацияда 26 жыл бойы президент лауазымын атқарып келген 77 жастағы Нұртай Әбіқаев орнын босатты.
ЕСЕП БЕРУ – САЙЛАУ ЖИЫНЫ
27 қазанда Алматыда ҚВФ-ның есеп беру – сайлау конференциясы өтіп, оған елдің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының өкілдері қатысты.
Конференцияда бірлестік Жарғысымен дауыс беру құқығы берілген ҚФҚ басшыларының дауыс беруінің қорытындысы бойынша Мәди Такиев 2024 жылдан бастап Федерацияның жаңа президенті болып сайланды.
Бұл сайлауға үш үміткер: Амандық Баталов, Мәди Такиев, Бақытжан Байтөреев ұсынылды.
ӘБІҚАЕВ КІМ?
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет президент әкімшілігінің басшысы болған, бес жыл ішінде – 1990-1995 жылдар аралығында экс-резидентке өзінің сыртқы және ішкі саяси қызметін жүзеге асыруға көмектескен. Білімі бойынша техник бүкіл өмірін саясатқа арнады және ҚР-ның Ұлыбританиядағы, Швециядағы, Норвегиядағы және Ирландиядағы, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесіне ие болды. ҚР Президентінің бірінші көмекшісі», ҚР ҰҚК төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, ҚР Парламенті Сенатының екі шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметтерін атқарған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Президент Қ.Тоқаев Нұртай Әбіқаевтың ұлы Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатқан еді.