Ирактың Сүлеймания қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сарвиноз Миркадирова алтын жүлдені жеңіп алды.
“Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен ұтты”, – делінген хабарламада.
Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен басым түсті.