Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы Австрия және Норвегиямен өтетін матчтарға 37 ойыншыдан тұратын кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Тізімге төрт қақпашы, он алты қорғаушы, он үш жартылай қорғаушы және төрт шабуылшы енді.
Қақпашылар қатарында Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл») және Темірлан Анарбеков («Женіс») бар. Сондай-ақ, құрамда Қазақстан клубтары мен шетелдік командаларда өнер көрсететін қорғаушылар да қамтылды, олардың ішінде ресейлік «Зенитте» ойнайтын Нұралы Әліп пен «Шинниктен» Лев Скворцов та бар.
Жартылай қорғаушылар қатарында түркиялық «Бешикташтың» ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов пен даниялық «Силькеборг» клубын ұсынатын Рамазан Оразов ерекше назарға алынды. Шабуыл шебін түркиялық «Адана Демирспордан» Абат Аймбетов және беларусьтық БАТЭ клубынан Оралхан Өміртаев күшейтті.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 10 қарашада Алматыда басталады. Алғашқы ойын 14 қарашада Австрияға қарсы Алматының Орталық стадионында өтеді, басталуы – жергілікті уақыт бойынша 20:00. Екінші матч сырт алаңда, 17 қарашада Ослодағы «Уллевол» стадионында Норвегияға қарсы өтеді, матч Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады.