Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ержет Жарлықасын Тиранада (Албания) өтіп жатқан әлем чемпионатының олимпиадалық емес салмақ дәрежелерінде финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
63 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалда қазақстандық балуан ресейлік Садык Лалаевпен кездесті. Ержет айқын жеңіске жетті.
Ертең, 29 қазанда, ол финалда алтын медаль үшін күресетін болады.
Оның қарсыласы – Әзербайжан балуаны Нихат Маммадали.
Бұған дейін 27 қазанда еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.