×

Допинг дауы. Қазақстан спортшысы 3 жылға спорттан шеттетілді

22 жастағы шымкенттік триатлоншы 3 жылға шеттетілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

30.10.2024, 13:55
Допинг дауы. Қазақстан спортшысы 3 жылға спорттан шеттетілді
ашық дереккөз

«Дядя Ваня» Telegram-арнасының хабарлауынша, 22 жастағы шымкенттік триатлоншы Әлихан Әбусейіт тыйым салынған медициналық препараттарды қолданғаны үшін үш жылға дисквалификацияланған.

Оның сынамаларынан спортта тыйым салынған эритропоэтин іздері табылды. ҚР жастар құрамасының үздік үш сайыс шеберлерінің бірі 2024 жылдың 5 тамызынан 2027 жылдың 5 тамызына дейінгі кезеңде спорттық додаларға қатыса алмайды.

Триатлоншыдан сынама биыл 11 мамырда алынған. Ол 11-12 мамыр аралығында U23 санатындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына қатысқан еді. Бұл жарыста спортшы спринт қашықтығында сынға түсіп, күміс медаль жеңіп алды. 

Әбусейіт Әлихан тыйым салынған препаратты қолданған Қазақстандағы алғашқы триатлоншы емес. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының басталуына бірнеше ай қалғанда триатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Дмитрий Гаагтың сынамасынан эритропоэтин табылған еді.

Новости партнеров