Қазақстанның жастар құрамасының жеті өкілі Черногорияның Будва қаласында өтетін әлем чемпионатында алтын жүлдеге таласады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы ҰОК мәлімдеді.
Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Елянур Турганова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) финалға өтті.
Ал, Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг жоғары) Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (81 кг жоғары) чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.