UFC 310 турнирінде өтуі тиіс Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед жекпе-жегінің сәтсіз аяқталуынан кейін шетелдік БАҚ қазақстандықпен жекпе-жекке шығатын жаңа үміткерлерді ұсынып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Сhampionat.com авторының пікірінше, Рахмонов Ислам Махачевпен жұдырықтаса алады және бұл жекпе-жекті Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы текетіреспен салыстыруға болады.
«Исламмен “төбелесу” – өмірлік сынақ екенін Шавкат жақсы түсінеді. Әсіресе, Рахмонов сол сәтке қарай чемпиондық белбеуін иығына ілсе, онда ол біріккен жекпе-жек өткізе алады. Және мұндай сынақтар әрқашан жанкүйерлердің ерекше назарын аударады. Қағазға көз жүгіртсек те, спорттық тұрғыдан алсақ та Шавкат пен Ислам UFC-де ғасыр жекпе-жегін өткізуге қабілетті”.
Сhampionat.com жазуынша, әрине, Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы текетіреске деген қызығушылықты әзірге ешкімнің тоқтата қоюы екіталай.
“Ирландиялық пен ресейлік бұл жекпе-жекке қызығушылықты арттыруда тым шебер болды. Ал жекпе-жектің маңыздылығының өзі көп күмән тудырмайды. Бірақ сол сәтте Хабиб фаворит болып көрінді. Соңында ол жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті. Дегенмен “төбелестің” нәтижесі барынша күтпеген оқиға болды».
Бұған дейін Рахмонов Махачевпен кездесуге дайын екенін айтқан болатын.
Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда өтуі тиіс UFC 310 турнирінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад денсаулығына байланысты жоспарланған жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған соң, Рахмонов қарсылассыз қалған болатын.