×

Бокс: Асылхан Көшербай U19 әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз аустралиялық Купер Макконалмен өзара алтынды сарапқа салды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

03.11.2024, 12:36
Бокс: Асылхан Көшербай U19 әлем чемпионатының күміс медалін иеленді
ҰОК

65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде қарсыласынан айласын асыра алмады. Нәтижесінде Купер Макконал 2:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетсек, осыған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс медальді қоржынға салған еді.

Ал кеше отандасымыз Төрехан Сабырхан Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі алтын медальді қоржынға түсірген.

Новости партнеров