×

Алексей Ниге қатысты түпікілікті шешім қабылданды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге өмірінің соңына дейін спорттан шеттетіледі, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

07.11.2024, 14:22
Алексей Ниге қатысты түпікілікті шешім қабылданды
olympic.kz

1bol.kz сайтынынң жазуынша, мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған. Нидің мұндай жаза алуына Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтардың допингпен ұстауы себеп болды. ITA шешімі түпкілікті қабылданды.

Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетілмек.

Айта кетейік, Қазақстан допингтің расталуына байланысты алты бірдей алтын медальден айырылды.

  • Бейжің-2008: Илья Ильин
  • Лондон-2012: Илья Ильин, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова
  • Рио-2016: Нижат Рахимов 

Бұған дейін ITA төрт қазақстандықты өмір бойына спорттан дисквалификациялаған: 

  • Ольга Терешкова-Цикунова – жеңіл атлетика, үш допинг жағдайы 
  • Фаина Сиванбаева – ауыр атлетика, үш допинг жағдайы 
  • Тимур Хабибуллин – теннис, 21 келісілген матч бойынша айыпталды

Ни Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында баптады. Риодан соң ресми түрде жұмыстан кетті.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр