×

АҚШ-тағы атыс. Қазақстан 6 медаль алды

Стенд атудан Қазақстан командасы АҚШ-та өткен Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

23.07.2024, 06:22
ашық дереккөз

Қазақстан спортшыларының еншісінде екі алтын, екі күміс және екі қола медаль бар.

Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Конченко Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.

Сондай-ақ, Наргиза Сарманова қола медаль иеленген.

 

Новости партнеров