Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Турнирдің нәтижесінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Шахмат федерациясының мәліметінше, FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 турнирінің екінші кезеңінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола медаль жеңіп алды.
Ал аталмыш бәсекеде Александра Горячкина жеңімпаз атанды.
Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы қытайлық Тань Чжуньи 2-орынды иеленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева жалпы FIDE Гран-приінің кестесінде 2-орында келеді.
Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі жақында Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді.