Шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE-нің 2024-2025 жылғы әйелдер арасындағы Гран-при сериясында жалпы есепте 1-орынға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Грузия астанасы Тбилисиде өткен алғашқы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізсе, жуырда Шымкент қаласында өткен 2-кезеңде қола жүлде алды. Еншісінде 182.5 ұпай бар.
Келесі сатыда 2 турнирде бақ сынаған Ставрула Цолакиду (Грекия) тұр.
Алда серияның 4 кезеңі бар. Оларды Монако, Кипр, Үндістан мен Аустрия қабылдайды.