×

«Алматы Арена» мен «Халық Арена» спорт кешені мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыдағы "Алматы Арена" және "Халық Арена" спорт кешені қайтадан мемлекеттік меншігіне өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

14.11.2024, 18:22
«Алматы Арена» мен «Халық Арена» спорт кешені мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: tiketonс

АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ  

– Бұрын жеке ұйымға мемлееттік-жекешелік әріптестік шеңберінде өтеусіз негізде берілген "Халық Арена" және "Алматы Арена" мұз сарайлары Алматының коммуналдық меншігіне қайтарылды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Бекайдаров брифингте.

Ареналар 2017 жылы Универсиада үшін салынып, 2019 жылы жеке басқармаға берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство спорттық қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін сыртқы талдау жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде орталық туризм және спорт министрлігі, ал өңірлік деңгейде — облыстық спорт басқармаларының нысандары қамтылған.

МЕМЛЕКЕТКЕ ТАҒЫ НЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ  

Атырау облысында спорт нысаны — Мұз сарайы мемлекеттік меншікке қайтарылды. 2018 жылы ол нысан жеке кәсіпкерге негізсіз берілген. Батыс Қазақстан облысында жеке компанияның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайтарылған. Шымкентте жеті жыл бұрын 120 миллион теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің 67% - ы мемлекетке қайтарылды.

Новости партнеров