×

Әсем Орынбай мен Эдуард Ищенко стендтік атуда Азия рейтингінде көш бастады

Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ищенко стендтік атуда Азия рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

14.11.2024, 20:29
Әсем Орынбай мен Эдуард Ищенко стендтік атуда Азия рейтингінде көш бастады
ҰОК

Азия Ату спорты конфедерациясы (ASC) жаңартылған рейтингті ұсынды. Стендтік атыста бірден екі қазақстандық бірінші орында тұр.

Эдуард Ищенко 1629 ұпаймен "скитте" жетекші орынға ие.

"Әйелдер арасында Азия рейтингінің бірінші қатарында Әсем Орынбай (1722 ұпай) бар. Зоя Кравченко да ондыққа кіреді. Ол жетінші позицияда (1130 ұпай). "Трапта" Мария Дмитриенко бесінші орында, 1200 ұпай жинады", – деп хабарлады ҰОК.

Бұған дейін Қазақстан стендтік атудан Азия кубогын алты алтын медальмен аяқтаған болатын.

Новости партнеров