×

УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустриядан ұтылып қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

14.11.2024, 22:24
УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустриядан ұтылып қалды
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында бесінші ойнын өз алаңында Аустриямен өткізіп, тағы да ұтылды. Алматыдағы “Орталық стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 2 гол соғылды. Аустриялық спортшылар мәселенің барлығын бірінші таймда шешіп тастады.

Осылайша, Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ. 

Айта кетейік, енді біздің ұлттық құрама 17 қарашада Норвегияға қарсы ойнайды. Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалды.

Новости партнеров