Қазақ қыздары Хадия мен Сирин Қонаевтар 6 және 8 жасында джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Ал қыздардың әкесі әрі бапкері Самат Қонаев та «Master» санатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Ulyssport.kz.
6-16 қараша аралығында Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) джиу-джитсудан барлық жас санаттары бойынша әлем чемпионаты өтті. Алты жасар Хадия Қонаеваның жеңісі БАҚ пен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Ол KIDS 2 санатының финалында Біріккен Араб Әмірліктерінен келген қарсыласын 11:0 есебімен жеңді.
Одан бөлек Самат Қонаевтың тағы тоғыз шәкірті жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Сирин Қонаева, Азиз Апахан, Мансұр Темірбай және Ибрагим Мықтыбаев әлем чемпионы атанса, тағы екі шәкірті күміс және қола жүлде иеленді.
Ал бапкердің өзі де «Master» санатында чемпион атанды.