Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (18-0) UFC 310 турнирінің негізгі кездесуінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Шавкат ирландиялық Ян Гарримен жұдырықтасады (15-0). Жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтеді.
Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді.
Негізгі жарыста жеңіл салмақтағы бразилиялық чемпион Александр Пантожа өз титулын сегізбұрышта дебют жасап жатқан және промоушенмен алғашқы жекпе-жегінде чемпион болуға мүмкіндігі бар RIZIN-дің бұрынғы жұлдызы Кай Асакураға қарсы қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтың қазіргі UFC чемпионы Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жегі сәтсіз аяқталды. Олар 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс UFC 310 турнирінің басты тақырыбы болуы керек еді, бірақ палестиналық-америкалық боксшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты.