×

UFC Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) UFC 310 турнирінің негізгі кездесуінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

16.11.2024, 12:25
UFC Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады
©UFC

Шавкат ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен жұдырықтасады (15-0). Жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 310 турнирінде өтеді.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді.

Негізгі жарыста жеңіл салмақтағы бразилиялық чемпион Александр Пантожа өз титулын сегізбұрышта дебют жасап жатқан және  алғашқы жекпе-жегінде чемпион болуға мүмкіндігі бар RIZIN-дің бұрынғы жұлдызы Кай Асакураға қарсы қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтың қазіргі UFC чемпионы Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды. Олар 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс UFC 310 турнирінің басты тақырыбы болуы керек еді, бірақ палестиналық-америкалық боксшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Новости партнеров