Португалия мен Польша құрамалары кездескен УЕФА Ұлттар лигасы А лигасының 1-тобының 5-ші турындағы ойында алаң қожайынының көшбасшысы Криштиану Роналду дубль жасады, - деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Португалия құрамасының шабуылшысы Ұлттар лигасы аясында Польшаға қарсы ойында дубль жасады. Алдымен Роналду 72-минутта пенальтиді орындады. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы 134-ші голы болды. Ол сонымен қатар клубтық мансабында 775 гол соққан.
87-минутта Витиняның көтерген пасын құлап бара жатып қайшылай тепкен Роналду матчтағы екінші голын соқты.
Сонцудай-ақ Португалия құрамасы сапында Рафаэль Леао, Бруно Фернандеш және Педро Нету да бір-бір голдан соқты. Ал қонақтардың жалғыз голын қорғаушы Доминик Марчук соқты.
Қазіргі уақытта Роналдудың кәсіби спортшы мансабында 910 голы бар. Бұған дейін форвард үлкен спорттан кеткенге дейін 1000 гол соғуды мақсат етіп отырғанын айтқан еді.