Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) доминикандық WBC чемпионы Карлос Адаместы (24-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ulyssport.kz.
Ол Х әлеуметтік желісінде жазба жариялап, доминикандық боксшымен қолғап түйістіруге дайын екенін мәлімдеді.
«Карлос Адамес, маған келісімшарт жібер. Мен оған тап қазір қол қоямын», – деп ол.
Адамес командасы бұған дейін Әлімханұлының командасына келісімшарт жібердік, бірақ кері байланыс болмады деп айтқан. Жәнібектің командасы мұны жоққа шығарған.
Ескерте кетейік, Жәнібек Әлімханұлы рингке британдық боксшы Хамза Ширазбен шығуы керек болған. Алайда бртитандық тарап жекпе-жек өткізу кезінде саудадан бас тартқаны белгілі.