×

Черчесовтің сөзі Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкерінің ашуына тиді

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Әлиев ұлттық құраманың қазіргі жаттықтырушысы Станислав Черчесовтың иесіз команда туралы айтқанына ренжігенін жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 12:07
Черчесовтің сөзі Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкерінің ашуына тиді
РИА Новости

Черчесов УЕФА Ұлттар лигасында ойыны аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) тарапынан ұлттық команданың жеткіліксіз қолдауына қынжылып, өзі келгенге дейін құрама иесіз болғандай әсер алғанын мәлім еткен еді.

– Ұлттық құрама бірде-бір гол соққан жоқ, бұл көңілге қаяу түсіреді. Станислав Черчесовтың келгенде күткен үміттер басқаша болған. Яғни, оның өзі нәтижелер менікінен жақсы болады деп сенді. Өкінішке қарай, бәрі күткендей болмады. Қарсыластар күштірек екені анық. Бірақ олар күшті болған кезде тактикалық тәсіл өте маңызды. Менің басшылығыммен жаттықтырушылар штабы жұмыс істеген кезде қиын қарсыластар болды. Станислав Саламовичке өте құрметпен қараймын. Бірақ иесіз команда туралы сөздер, әрине, мені аздап ренжітеді. Мен және федерация оған дейін жұмыс істемеген бе? Әрине, бұл оның үкімі. Бірақ біз федерацияның (бұрынғы) президенті Бәрменқұлов бастаған екі жыл ішінде оң нәтижелерге қол жеткіздік деп санаймын. Мен әрқашан Қазақстан құрамасына жанкүйермін, - деді Әдиев.

Жексенбіде ұлттық команда Ұлттар мигасының маусымын Норвегиядан 0:5 есебімен жеңілісімен аяқтады. Бір ұпаймен қазақстандықтар топта соңғы орынға ие болып, үшінші дивизионға аттанды. Алты матчта команда бірде-бір рет гол соқпады, 15 гол жіберіп алды. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың ойыны неге сәтсіз болғаны жөнінде пікірін айтып, өзіне дейін құрама иесіз болғандай әсер алғанын айтқан еді.

Новости партнеров