Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ұлттық құрамамен бірге дайындыққа қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
ҚР ҰОК баспасөз қызметіне берген сұхбатында Сүлейменов Сметов пен Қырғызбаев Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылғанын, бірақ 2025 жылдың 9 қаңтарында басталатын оқу-жаттығу жиынына қатысуға тиіс екенін айтты.
– Сметов пен Қырғызбаев келесі жиыннан бастап командаға қосылуға тиіс. Олар біртіндеп өз қарқынына оралады. Жаттығу қаңтар айында жоспарлануда. Ол Астанада өтіп, 9-да басталады, - деді бас бапкер.
Дзюдодан ұлттық құрама үшін келесі үлкен бастама Токио Гранд Слам болып саналады. Жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан құрамы әлі толық емес. Ұлттық құрамаға ҚР жүлдегерлері, олардан басқа Ғұсман Қырғызбаев, Елдос Сметов, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан қатысты.
Еске сала кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Елдос Сметов Франциядан келген Лука Мхейдзені жеңіп, Олимпиада ойындарының алтын медалін алған болатын.