×

Астанада пара дзюдодан Гран-При турнирі өтеді

Астана қаласында 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 23:00
Астанада пара дзюдодан Гран-При турнирі өтеді
Фото: olympic.kz

Елордада пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтіп, балуандар 10 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салады. Жарыстың басты ерекшелігі салмақ дәрежелерінің өзгеруі болмақ. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі. 

Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады.

Олар:

Асылан Нұрдаулетов (73 кг);

Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);

Ерболат Бекентаев (90 кг).

Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді. 

Новости партнеров