×

Қазақстанның мергені Азия рейтиңінде қара үзіп шықты

Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Азия рейтиңінде көш бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

21.11.2024, 11:17
Қазақстанның мергені Азия рейтиңінде қара үзіп шықты
ҰОК

Спортшы жылдам атылатын тапаншадан (25 метр) оқ атуда бірінші орында тұр. Оның қоржынында 1500 ұпай бар.

– Ең үздік ондыққа Константин Малиновский кірді. Оның шағын калибрлі мылтықты атуда бесінші орында (50 метр, үш позиция). Дәл осы санатта әйелдер үшін Александра Ле жетінші орында, - деп хабарлады ҰОК. 

Валерий Рахымжанов осы топ-тізімде пневматикалық тапаншадан (10 метр) оқ атуда бесінші орында тұр.

Бұған дейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік атуда Азия рейтиңін бастады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр